Пилоттық жоба сәтті деп танылды, жүйе іске қосылды, басшылыққа есеп берілді. Енді ыңғайсыз сұраққа жауап беру қажет: компания нақты қандай пайда алды?
Тегін 30 минуттық консультация барысында ЖИ не себепті күтілген нәтиже бермей жатқанын, жобада уақыт пен қаражат қай жерде тиімсіз жұмсалатынын және қосымша эксперименттерсіз нені өзгертуге болатынын талқылаймыз.
Онлайн форматта. Консультация орыс немесе ағылшын тілінде өтеді. Ақпараттың құпиялылығы сақталады.
Жарты сағатта толыққанды аудит жүргізу мүмкін емес. Бірақ осы уақыт жобаны нақты талқылауға және бірінші кезекте назар аударуды қажет ететін мәселелерді анықтауға жеткілікті.
Әр жағдайдың артында нақты шешімдер тұр: процесс қалай құрылған, нәтижеге кім жауап береді, жүйе қандай деректерді пайдаланады және адам қай кезеңде қажет.
Жобаңыз таныс па?
Күнделікті жұмыста қолмен операциялар, келісулер мен Excel әлі де бар
Бірақ адамдар бұрынғыша жұмыс істеуді жалғастырады немесе жүйені айналып өтеді
Сервис пен инфрақұрылым шығыны өсуде
Жаңа жүйе енгізілді
Экономикалық тиімділікті есептеу мүмкін болмады
Бірақ қызметкерлер оның нәтижесін тексеруге бұрынғыдан көп уақыт жұмсайды
Жоба енді басталады
ЖИ қай жерде көмектесетінін, ал қай жерде жаңа тәуекел тудыратынын түсіну керек
Кез келген ЖИ жобасының табысты болуы төрт негізгі құрамдас бөлікке байланысты. Соның бірі ескерілмесе, технологиядан күтілген тиімділік күнделікті жұмыс барысында жоғалуы мүмкін.
Біздің жұмысымыз көбіне техникалық тапсырмадан тыс қалып қоятын мәселелерді қамтиды: бизнес-процестерді қайта құру, жауапкершілікті бөлу, нәтижелерді тексеру және командамен жұмыс. Экономикалық тиімділік әдетте дәл осы жерде пайда болады немесе жоғалады.
ЖИ жұмыс істейді, ал бизнес неге бір орнында тұр?
Бизнес-процестер
Егер қолданыстағы жұмыс тәртібі тиімсіз болса, ЖИ сол қателердің жылдамырақ қайталануына ғана ықпал етеді
1
Деректер
Бастапқы ақпараттағы қателер, олқылықтар мен қайшылықтар дұрыс емес шешімдерге әкеледі, кейде олар сырттай өте сенімді көрінеді
2
Технология
Кейде кәдімгі автоматтандыру жеткілікті болатын міндеттерге ЖИ қолданылады. Компания өзіне қажеті жоқ күрделі шешімге ақы төлейді
4
Адамдар
Қызметкерлер өз рөлін түсінбейді, қателесуден немесе жұмыстан айырылудан қорқады. Сондықтан әр қадамды қайта тексереді немесе жүйені елемейді
3
30 минут ішінде нені анықтауға болады
Қай жерде шығын туындап жатқанын: артық операциялар, қайталама тексерулер, қателер немесе қызметкерлер тарапынан қарсылық.
Команда ауқымды жобаны күтпей-ақ өз күшімен тексеріп көре алатын екі-үш нақты қадамды.
Сыртқы сарапшылардың көмегі қажет пе және қажет болса, енгізудің қай бөлігінде орынды екенін.
Күнтізбеден уақыт таңдап, жоба туралы үш сұраққа қысқаша жауап бересіз. Кездесуде ЖИ туралы жалпы дәріс емес, сіздің жағдайыңыз талқыланады.
Мұнай-газ, энергетика, логистика, көлік, өнеркәсіп және қателік құны жоғары, процестері күрделі басқа да салалар. Әсіресе пилоттық жоба тоқтап қалса, нәтиже жоспардан төмен болса, қызметкерлер жүйені қабылдамаса немесе іске қосу енді дайындалып жатса.
Жобаның техникалық бөлігі мінсіз орындалғанымен, тапсырыс беруші нәтижеге көңілі толмауы мүмкін. Шешім күнделікті жұмыста қолданылып, өлшенетін нәтиже беруі үшін енгізуден кейінгі бизнес-процестер мен қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыруға көмектесеміз
Тәжірибеде не өзгереді
Мемлекеттік сектор: жеделдетудің орнына кідіріс пайда болды
Корпоративтік құжаттар: қарапайым міндет үшін ЖИ тым қымбатқа түсті
Өндіріс: жүйе іске қосылды, бірақ қызметкерлер бас тартты
Интегратор құжаттарды өңдеудің бірнеше бірізді кезеңінде ЖИ пайдаланған. Қателер жинақталып, шығындар өсті. Нақты ережелермен орындалатын кезеңдер кәдімгі автоматтандыруға көшірілді. ЖИ шын мәнінде икемділік қажет жерде ғана қалдырылды. ЖИ-ге жұмсалатын шығын бірнеше есе азайып, өңдеу дәлдігі қалпына келді.
Қызметкерлер жұмыс орындарының қысқаруынан қауіптеніп, жаңа жүйені пайдаланбады. Жобаны жабу мәселесі қарастырылды. Рөлдер түсіндіріліп, оқыту жүргізілгеннен және жұмыс тәртібі өзгертілгеннен кейін қарсылық азайды. Шағымдар азайып, қызметкерлер ЖИ үшін міндеттерді өздері ұсына бастады. Жоба зауыттағы ең тиімді бастамалардың біріне айналды.
Мердігер құжаттарды өңдеуге ЖИ енгізгенімен, бұрынғы жұмыс тәртібін өзгертпеген. Қосымша тексерулердің салдарынан өңдеу уақыты 15%-ға ұзарды. Процесс қайта қаралып, адам бақылауы қажет кезеңдер айқындалғаннан кейін өңдеу уақыты 30%-ға қысқарды. Жоспарланған көрсеткішке қол жеткізілді.
Trapezio Navegante (Португалия) компаниясының CEO-сы, ЖИ енгізу және ұйымдық өзгерістер жөніндегі халықаралық сарапшы.
30 жылдан астам технологияларды енгізумен айналысады: мобильді сервистер мен бизнес-процестерді автоматтандырудан VR мен ЖИ-ге дейін.
Ірі компанияларда процестерге аудит жүргізеді және оларды оңтайландырады.
Порту университетінің Инженерлік факультетінде диссертация аясында адам мен ЖИ өзара әрекетін зерттейді.
Тапсырыс берушілер жабуды жоспарлаған жобалардың шамамен 80%-ы процестер мен қызметкерлермен жұмыс өзгертілгеннен кейін жоспарлы көрсеткіштерге шықты.
Жиі қойылатын сұрақтар
Иә. Іске қосуға дейінгі кезеңде кейін қымбатқа түсетін тәуекелдерді анықтау оңайырақ.
Алғашқы кездесуде міндетті сипаттап беру жеткілікті. Әңгімелесу құпия түрде жүргізіледі; қажет болса, ақпаратты жария етпеу туралы келісімге (NDA) қол қоюға болады.
Жоқ. Бұл — бастапқы талқылау. Оның нәтижесінде мәселенің себебін қайдан іздеу және қандай әрекеттерді тексеру керектігі айқындалады.
Консультация тегін және ешқандай міндеттеме жүктемейді. Қосымша жұмыс қажет болса, оны бөлек талқылаймыз.
Орыс немесе ағылшын тілінде.
ЖИ енгізілді. Енді нақты тиімділігін бағалайық.
Жүйе жұмыс істеп тұрса да, шығынның қысқаруын, процестің жеделдеуін немесе сапаның жақсаруын нақты көрсеткіштермен дәлелдеу қиын болса, оның себептерін бірге талқылайық. ЖИ енгізу енді жоспарланып жатса, жобаны бастамас бұрын қандай мәселелерді ескеру қажеттігін қарастырамыз.
Heartland шақыруы бойынша Қазақстан компанияларына арналған. Қатысу тегін, алдын ала жазылу қажет.